2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 261-293 қосымшалар) (2005.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандармен қамтамасыз ету, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттердi және жоғары оқу орындарында 1999 жылға дейiн мемлекеттік тапсырыс бойынша түскен студенттер мен интерндердi стипендиямен қамтамасыз ету, С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң ерекше мәртебесiн қолдау үшiн коэффициенттi көтеретiн ақы төлеу, жоғары оқу орындарының студенттерiнен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн республиканың запастағы офицерлерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету; кандидаттық және докторлық диссертация қорғау кезiнде және клиникалық ординатурада оқу кезiнде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын ғылыми кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1999 жылға дейiн және өтеусіз негiзде мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен жоғары медициналық білімдi кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларын жетiлдiру, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, кәсiптiк білімге қол жеткізу деңгейiн арттыру; С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң басшы қызметкерлерi мен ғылыми-педагог кадрларының белгiленген жалақыларына коэффициентті көбейтетiн ақы төлеуге байланысты шығындарды субсидиялау; запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының әскери даярлау; 1999 жылға дейiн түскен және білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге стипендия төлеу, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындарға жол жүру шығыстарын өтеу, осы заманғы талаптарға сәйкес жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау; мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша оқитын ғылыми кадрларға стипендия төлеу; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары мен құрылыстарын күрделi жөндеу жүргiзу үшiн күрделi трансферттер аудару.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жалпыға мiндеттi Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес жоғары кәсіптiк білімдi мамандарды уақтылы және тиiмдi даярлау, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау; мемлекеттік білім беру гранттарын беру арқылы кәсiби білімге қол жеткізудi арттыру; республиканың запастағы офицерлерге қажеттiлiгiн қамтамасыз ету; 1999 жылға дейiн түскен және мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттердi, сондай-ақ докторанттарды, аспиранттар мен клиникалық ординаторларды әлеуметтiк қамтамасыз ету; жоғары медициналық білімдi мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшiн жағдай жасау; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемсараптамаға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарын күрделi жөндеу жүргiзу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

264-қосымша

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2005 жылға арналған

"Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлауда

мемлекеттік білім берудi кредиттеу"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 156031 мың теңге (бір жүз елу алты миллион отыз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі № 548 Бюджет кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 25-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім несиесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi, кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптік білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру қызметтерiн несиелендiру жолымен денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік білім несиесiн беру шеңберiнде жоғары медициналық білімдi мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету; мемлекеттік білім несиесi бойынша оқып жатқан оқушыларға стипендия төлеу үшiн мақсатты пайызсыз несие беру.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік білім берудi несиелендiру шеңберiнде жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды уақытылы және тиімді даярлау.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

265-қосымша

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2005 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне

денсаулық сақтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға берiлетiн

нысаналы даму трансферттерi"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 9032500 мың теңге (тоғыз миллиард отыз екі миллион бес жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексi, "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттiрмейтiн шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы; "Жамбыл облысындағы зiлзала салдарын жою және әлеуметтік маңызды объектiлердi қалпына келтiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 793 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы, "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" атты Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 534 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл халқына медициналық қызметтiң қол жетiмдiлігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: денсаулық сақтау объектілерінiң құрылысын салу және қайта құрастыру үшiн облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:

* заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу мен қайта құрастыру жөніндегі жұмыстардың көлемiн орындау және бекіту, денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.

Ескерту:

*) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысының 2 қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тiзбесi, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес iс-шаралар, трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер жергілiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетiледi.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

266-қосымша

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2005 жылға арналған

"Республикалық деңгейде халықтың

санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1683604 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен үш миллион алты жүз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111-1 Заңының 13, 17, 19, 42-баптары; "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Арал өңiрiн қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 қаулысы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мiндеттiк мәнi бар объектілердiң санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту жөнiндегі iс-шараларды жүргiзу жолымен халықтың жұқпалы, паразиттiк және кәсiби, соның iшiнде аса қауiптi жұқпалы аурулардың алдын алу және азайту; бақылаудағы көлiктегі объектiлердi санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және зертханалық зерттеулердi жүргiзу, соның iшiнде халық арасында бұқаралық ағарту және білім беру жұмыстарын жүргiзу жолымен ЖҚТБ ауруын тұрақтандыру.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.